Жамбыл ауданы Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында облыстық семинар өтті. Оған өңірдегі аудан мектептерінен жиналған 90-ға жуық мұғалім қатысты.Қатысушылар үшін түрлі шеберлік сағаттары мен ашық сабақтар өткізілді. Жиналғандар білім беру саласындағы жаңашылдықтарды талқылап, өзара ой бөлісті.
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы 2023 жылы енгізілді. Бұл жобаның негізгі мақсаты - ұлттық, адами құндылықтарды бойына сіңірген озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу.
2021 жылы Жамбыл ауданында «Атамекен» этноауылы құрылды. Облыстық семинарда сол жобадан бірқатар жәдігер көрмеге қойылып, келгендердің назарына ұсынылды. Сондай-ақ, қазақи нақышта киінген оқушылар сырмақ тоқып, қамшы өріп ұлттық өнеріміздің бір үлгісін көрсетті.
СНХ: ЖАНАР СЫЗДЫҚОВА, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Мұхаммед Кенүрбеков – 1 жылдан бері Бостандық орта мектебі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Жас маман берері мол семинарға келгеніне қуанышты.
СНХ: МҰХАММЕД КЕНҮРБЕКОВ, БОСТАНДЫҚ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Облыстық семинарға Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрбек Сапаров қатысып, құттытау сөз айтты. Жиында Қожаберген жырау атындағы және И. Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беретін мектептерге аудан әкімінің атынан 2 интерактивті тақта тарту етті.
Сондай-ақ, аудандағы «Айнагүл» бөбекжай – бақшасында да облыстық семинар өтті. Қатысушыларға арнап арнайы шеберлік сабақтары өткізілді. Іс-шараға келген қонақтар тәжірибе алмасты.
СНХ: ӘЛИЯ НҰРМАҒАМБЕТОВА , «АЙНАГҮЛ» БӨБЕКЖАЙ – БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Айта кетейік, «Айнагүл» бөбекжай бақшасы күніне 12 сағат жұмыс істейді. Балабақша меңгерушісі Әлия Темірболатқызының айтуынша, бұл мемлекеттік қызметшілер үшін ыңғайлы. Қазіргі таңда мұнда 226 бала тәлім алып жатыр. 24 тәрбиеші жұмыс істейді.