Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында Наурызнама мерекесі аясында ұлттық аспаптар көрмесі өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының музыкалық аспаптарының тарихымен танысып, олардың дыбысталуын тыңдады.
Наурызнама онкүндігінің бесінші күні Ұлттық киім күніне арналған. Бұл күні мектеп-гимназияда қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, қазақ халық аспаптарының көрмесі өтті.
СНХР: ШЕГЕБАЙ НҰРГОЖИН – АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Көрмеге қобыз, домбыра, шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, қылқобыз, жетіген сынды ұлттық аспаптар қойылды. Мұғалімдер әр аспап туралы толық ақпарат беріп, аспаптарда ойнап көрсетті.
СНХР: ӘСИЯ ОҢДАСЫН – МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
Мектепте ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға ерекше мән беріледі. Мұндай іс-шаралар оқушылардың қазақ халқының өнері мен мәдениетіне қызығушылығын арттырады.