Қаржы мониторингі агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен тұтыну кооперативі атын жамылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Зардап шеккендердің арасында өңір тұрғыны да бар. 

Тергеу барысында Туғанбаев бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен. Шын мәнінде, нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.

СНХР: ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ


Айта кетейік, зардап шеккендерлің арасында СҚО тұрғыны да бар. Шығын көлемі 3 326 000 тг, қалған салымшылар анықталып жатыр. Сондай-ақ, тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, «Gold» деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының тек біреуіне ғана пәтер берілген. «Platina» бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің арасынан тек бір салымшыға ғана көлік берілген.

СНХР: ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ


2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев пен Байтасовқа қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Пирамиданы ұйымдастырған екі адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасады.