Негізгі Жаңалықтар Облыста 57 мың адам ЖРВИ жұқтырған

Облыста 57 мың адам ЖРВИ жұқтырған

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері өңірде жіті респираторлық вирустық инфекцияны 57 мыңнан астам адам жұқтырған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға төмендеу байқалады.

Сырқаттанғандардың 66 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Сондай-ақ тұмауды жұқтырудың зертханалық расталған 85 жағдайы тіркелді. Ауырғандардың 31-і 14 жасқа дейінгі балалар, 4-еуі жүкті әйел. Науқастар тұмауға қарсы вакцинацияланбаған. Ауру белгілері - жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы және мұрын бітелуі байқалған жағдайда дәрігерге көріну қажет.


Бөлісу