Петропавлда Камиль Сафиннің естелігіне арналған республикалық бокс турниры басталды. Ең мықтылардың атағы үшін күресуге шамамен 100 боксшы қатысады. Бұл турнир –солтүстікқазақстандық спортшылар үшін іріктеу жарысы. Олардың ішінен ең жақсысы республикалық жарыстарда біздің облысты таныстыратын болады.


Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафиннің естелігіне арналған бокс турнирі жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы жарысқа еліміздің 7 облысынан спортшылар қатысуда. Сайысқа Солтүстік Қазақстан облысын 20 боксшы ұсынады.


АНТОН ЛОПАТИН, К.САФИН АТЫНДАҒЫ БОКС МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл турнир 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол біздің дәстүрлі жарысымыз болып табылады. Камиль Масгутович Сафин Солтүстік Қазақстан облысында бокс дамуына үлкен үлес қосты. Біздің мектепке жерлесіміздің аты берілді. Бұл турнирге Қазақстанның әртүрлі облыстарынан 97 қатысушы қатысып отыр.


Бекарыс Ғарифолла Атырау облысының намысын қорғауда. Жас боксшы 54 килограмдық салмақ категориясында өнер көрсетуде. Бірінші жекпе-жекте Бекарыс қарсыласын жеңуге қол жеткізді.


БЕКАРЫС ҒАРИФОЛЛА,ТУРНИР ҚАТЫСУШЫСЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ:

- Мен 7 жыл бокс секциясында жаттығамын. Біз қатты дайындалдық. 54 килограмм салмақ категориясында қатысып жатырмын. Қарсыласымның дайындығы нашар болғандықтан оның әлсіз тұстарын таптым, соның арқасында жеңіске жеттім.


Айта кетсек, 9 қарашада финал өтеді, онда жеңімпаздар анықталып, оларды кубоктар мен медальдармен марапаттайды.