Елімізде салынатын Атом электр станциясының құрылысы қазір басталмайды. Оған кем дегенде бір жарым жыл уақыт керек. Өйткені, Үкімет нысанды салып бастау үшін алдымен бірқатар құжат дайындау тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Ол АЭС-тің құрылысына орташа алғанда 10 жылға дейін созылу ықтимал екенін жеткізді. Консорциум құрамында 5 мемлекет болады. Оның құрылуы мен құрамына қатысты шешім келесі жылы қабылданатынын айтты.
РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Консорциум мүшелерінің тізімі, құжат қашан жасалатынын, мердігер, жобалаушыға қатысты сұрақтарға 2025 жылы жауап ала аламыз. Әлем мойындаған компаниялар техникалық-экономикалық негіздемені 1 жыл, ал жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1,5 жыл керек. Бұл – өте қысқа уақыт. Содан кейін Атом электр станциясының құрылысы басталады.