26 қыркүйек күні Петропавлда ЗИЛ жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісі облыс орталығының 17 жастағы тұрғынын қағып кетті. Оқиға Жамбыл мен Челюскин көшелірінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Жасөспірім түрлі дене жарақатымен емдеу мекемесіне жеткізіліп, жатқызылды. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізуші медициналық куәландырудан өтті, мас болмаған.


НҰРБЕК БАЕКИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

«Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейін іс жүргізу басталды».