Петропавл қалалық сотында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шығып, 5 адам сотталды. Ал, алаяқтардың кесірінен 110 солтүстікқазақстандық зардап шеккен. Шығын көлемі 100 млн теңгеден асады.
Сот процесі барысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өз кінәләрін мойындамады. Бірақ, сот қолда бар дәлелдерге сүйене отырып, айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Олар бес жылдан алты жыл жеті айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
АЛМАС ЖҰМАҒАЗИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
- Қаржы пирамидасына адамдар таныстарын, туыстарын тартқан. Және оны ұйымдастырушылар тұрғындарға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданған. Түрлі жадынамаларды, материалдарды қолданып адамдарды алдаған.
Алаяқтарды қармағына қаланың ғана емес, ауданның да тұрғындары түскен. Олар сот шешімімен келіспейді. Қомақты соммасынан айырылып қалғандар өз ақшаларын кері қайтарғысы келеді.
ЖАҢЫЛ ӘЛСЕЙІТОВА, М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен 790 мың теңге ақшамды салдым. Несие алғанмын. Оны әлі де төлеп жатырмын. Отбасыммен әлі де ұрсып қаламын. Уайымдай беріп, денсаулығым да бұзылды. Біз, әрине оларды бас бостандығынан айырғымыз келмеді. Бірақ, олар біздің ақшамызды қайтаруы керек деп ойлаймын.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның басқа өңірлерінде де осы қаржы пирамидасына қатысты іс қозғылып, заңды бұзғандар сотталды.