Петропавлда 31-шілде және 1 тамыз аралығында «Қызыл Жарты Ай» қоғамының семинары өтті. Іс-шараға қатысушылар су тасқыны кезінде атқарылған жұмыстарды талқылап, қорытынды шығарды. Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспар құрып, ұйымның жұмысын тағы қалай жақсартуға болатыныны жайлы ақылдасты.


Айта кетейік, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Федерациясының қолдауымен Қазақстанның «Қызыл Ай» қоғамы су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Батыс Қазақстан сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. Барлығы 5 мың адамға біржолғы жәрдемақы беру жоспарда бар. Қазіргі таңда мұндай көмекпен 4 жарым мың адам қамтылды.


ЕЛЕНА КИСТАУБАЕВА, ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңға жуық адамға көмек көрсетеміз. Қазіргі таңда 1700-ден астам тұрғын жәрдемақыға ие болды. Әр адамға 40 мың теңгеден беріледі. Жалпы, көмекпен көпбалалы отбасылар, жалғызбасты қариялар, мүмкіндігі шектеулі адамдар қамтылады.