Петропавл прокуратурасы білім беру ұйымдарын тексеріп, нәтижесінде мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтермелеу фактілерін анықтады.


Жеткізушілер мектепке дейінгі ұйымдарға қарақұмық жармасының бір келісін 700 теңгеден сатқан. Оның нарықтағы орташа бағасы 330 теңге болған. Сондай-ақ, картоп, сары май және күнбағыс майы, қант сынды өнімді де қымбат бағаға жеткізген. Қадағалау актісі бойынша азық-түлік өнімдерін сатып алу бойынша бұрын қолданылған калькуляция қайта бекітілді, бұл бюджет қаражатының 30 млн теңгеге артық жұмсалуына жол бермеді.