25 тамыздан бастап «ҚР Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық» туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл жеке тұлғалардың құқығын қорғап, мүмкіндігін арттыру мақсатында жасалмақ. Жыл басынан бері соттан тыс банкроттыққа 400-ге жуық өтініш келіп түскен. Сондай-ақ, қазіргі таңда елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Биыл 60 мың солтүстікқазақстандық қамтылмақ. Айта кетейік, үшінші кезең 15 қыркүйекте аяқталады.


Енді азаматтар банкроттыққа өтініш берген кезде қарыз соммасын көрсетпейді. Сондай-ақ, қосымша құжаттарын да беру міндетті емес. Егер некеде тұрған азаматтар өтініш бергісі келсе, олардың жұбайының немесе зайыбының келісімі қажет. Және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекілітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау да жоспарланып отыр.


ӘСЕЛ ИМАНБЕКОВА, СҚО БОЙЫНША МКД ТӨЛЕМГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Ағымдағы жылдың басынан бастап жеке тұлғалар соттан тыс банкроттыққа 397 өтініш берді, оның ішінде 107 өтініш қабылданды. 270 өтінішті қолданудан бас тартылды. Қабылданған 107 өтініштің ішінде 87 өтініш бойынша соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталды. Міндеттемелер соммасы 100 млн теңгеден асады


2021-2023 жылдар аралығында 95 мың солтүстікқазақстандық жалпыға бірдей декларациялаудан өтті. Ал, 2024 жылы тағы 60 мың адам қамтылмақ. Осылайша, облыс бойынша барлығы 155 мың адамды декларациядан өткізу жоспарда бар.


СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО БОЙЫНША МКД ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл 1-қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Қазіргі таңда Мемлекеттік Кірістер Департаменті декларапциялаудың 3-кезеңі туралы түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аудандарды аралап, адамдармен кездесіп, түрлі семминарлар, іс-шаралар өткізіп жатырмыз.


Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі 15 қыркүйекке дейін созылады. Оны e-salyq­azamat», «салық төлеуші кабинеті», «электрондық үкімет» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Егер қандай да бір сұрақтиар туындаған жағдайда 1414 нөміріне хабарласу ҚАЖЕТ.


Аснурия Абдула