Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жылумен жабдықтау қызметінің құнын қыстағы ауаның нақты температурасын ескере отырып қайта есептеді.
Нәтижесінде жалпы сомасы 24 млн 130 мың теңге өңір тұрғындарына кері қайтарылады. Бұл - 11 табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға берешегі. Қаражат жылу есептегіш құралдары жоқ көпқабатты үйлердің тұрғындарына қайтарылады. Айта кетейік өткен жылы табиғи монополияларды реттеу комитеті абоненттерге 4 млн теңгеге қайта есептеу жүргізді.
ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:
- Ең көп сома Петропавл қаласына қайтарлады. Яғни бұл қызмет түрін көрсететін «Севказэнергосбыт» компаниясымен жалпы соммасы 10 млн 858 мың теңге қайтарылады.Орташа есеппен алсақ 20 мың абонентке 1 метрге 10 теңге қарастырылады...