«Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалап, облыс тұрғындарымен кездесіп, түйткілді мәселелерді шешуге атсалысып жүр. Бұл жолы олар Қызылжар өңірінде табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен жүздесті.
Қызылжар ауданында қазіргі уақытта 370 үй апатты деп танылған. Ауданда арнайы комиссия әлі де бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Баспаналары тұруға жарамсыз болған тұрғындарға жаңа үй алып беру мәселесі де басты назарда.
АЙЖАН МОЛДАХМЕТОВА, КОМИССИЯ МҮШЕСІ:
- Бізге үйлері апатты деп танылған тұрғындар келеді. Өздеріне жаңа баспана таңдайды. Бастапқыда тасқыннан зардап шеккендерге үй тек Қызылжар ауданының аумағынан берілген еді. Енді олардың қаладан да жер үй алуға мүмкіндіктері бар. Баспаналары апатты деп танылған тұрғындардың көбі қазір басқа үйлерге көшіп кірді.
Қызылжар ауданында 104 үй сатып алынған. Тағы 138 тұрғын жақында баспаналы болады. Қазір олар комиссия шешімін күтіп отыр. Облыстық мәслихат депутаттарына денсаулық сақтау саласының мамандары да жүгінді. Себебі, өңірдегі «дәрігерлер үйіне» қатысты дау әлі шешілген жоқ. 15-ке жуық отбасыны жалдамалы пәтерден шығарып жатыр. Олардың арасында көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар да бар. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұны қазір 200-ге жуық маманға пәтер қажет екендігімен түсіндірді.
ШЫНАР БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
- Бүгін сол дәрігерлермен кездесу өткізіп, ҚР заңына сәйкес 023 жылдың 22 қарашасында көрсетілген осы дәрігерлер 10жылдан артық тұрып жатқан пәтерлерін өз аттарына жекешелендіруге болатыны туралы өз ойымызбен бөлісіп, сондай ақпарат бердік.
Мәслихат депутаттары сонымен қатар, білім ордаларындағы жөндеу жұмыстарын да көрді. Және ТЖД қызметкерлерімен бірге рейдтерге шығып, судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалауға алған.