Петропавлда 5 ақпан күні облыстың білім беру ұйымдарының STEM-пәндерінің оқытушылары 3D-модельдеу және робототехника бойынша оқытудан өтті. Бұл жоба АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен және Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылған. Бүгінгі облыстық ақтық кезеңге 20-ға жуық мұғалім оқушылармен бірге өз жобаларын ұсынып, қорғады.


Санжар Жұматаев - Тауағаш орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Ол оқытушысымен бірге жер астындағы азық-түлік қоймаларын су басудан сақтайтын және су тасқынын бақылайтын автоматты қондырғы әзірлеген. Бұл қондырғының сенсоры апатты анықтаса, бірден телеграмм ботқа аумақты су басқаны жайлы арнайы хабарлама келеді. Ең қиыны, телеграмм ботқа бағдарламаны жүктеу болды дейді, Санжар Жұматаев.


САНЖАР ЖҰМАТАЕВ, ТАУАҒАШ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 10- СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Біздің жобамыздың ең негізгі тақырыбы, ол судың ылғалдылығы деңгейін тексеру. Мысал келтірсем, складта адамға ең маңызды азық-түліктерді сақтап жатқанда бұл су басудың алдын алатын құрал. Сол скадтың, повалдың қожайынына бұл складта су тасқыны болып кетті деп SMS келеді.


 Ал, Айбарыс Құрманғазы ұсынған тың жоба - Жылыжай эффектісі деп аталады. Ол ұстазымен бірге жылыжайдағы ауа температурасы мен топырақтағы ылғалды өлшейтін робот құрастырып шығарған. Оған 1 ай уақытын арнаған. Бұл құралды ауыл шаруашылығында қолдану өте тиімді - дейді Айбарыс Құрманғазы. Себебі, ол өсімдіктің жайқалып өсуіне көп септігін тиігізеді.


АЙБАРЫС ҚҰРМАНҒАЗЫ, А.ШӘЖІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ № 3 ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бәріңіз білетіндей, ылғал болмаса өсімдік өспейді. Сол үшін тиімді. Өсімдіктің өсуіне тікелей байланысты осы біздің жобамыз. Қазіргі таңда Қазақстанда салып жатқан жылыжайларда осы проектты қолданысқа енгізсек болады. Егер осы жобаны қолданысқа енгізсе, ол өсімдіктерге, осы экономикаға өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын.


 Ақтық кезеңге облыс мектерінен барлығы 40 оқушы қатысып, креативті және заманауи ерекше жобаларын ұсынды. Оқытушылар бірнеше апта бойы 3D-модельдеу және робот техникасы негіздерін меңгеріп, Arduino бақылаушыларының базасында жобалар құрып, оны жүзеге асырды.


 ҚУАНЫШ БЕЛГІБАЙ, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

 Бірінші, тренингке мұғалімдердің өздері қатысқан болатын. 16 мұғалім қатысты. Бұл жерде, ерекшелігі, мұғалімдер тренингтан өздері өтеді. Өздерінің алған білімдерін оқушыларына беріп, оқушылар өз жобаларын қорғап отырады.


Бүгінгі ақтық кезеңде барлығы 16 жоба ұсынылды. Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық 200 оқытушы 3D-модельдеу және робототехника бойынша тегін тренингке қатысқан.