Көктем жақындаған сайын көпқабатты үйлердің шатырларындағы қар еріп, мұз сүңгілері пайда болады. Ол құлап, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті тұрғын үйге қызмет көрсететін пәтер иелерінің кооперативі оқыс оқиғалардың алдын алу үшін шатырлардағы қарды уақтылы түсіруі қажет.
Ауа-райы жылыған кезде көпқабатты тұрғын үйлердің шатырында жиналған қар еріп, сүңгілер пайда болады. Сондай-ақ қалың қар уақыт өте ауырлап, оның салмағынан шатыр қисайып немесе тіпті құлап кетуі мүмкін. Бұл іске жауапты тұлғалардың айтуынша, осындай оқыс оқиғаларды болдырмау үшін тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар алдын ала тиісті шаралар жүргізуге міндетті. Қазіргі таңда 5 қабатты үйдің шатырын тазалау құны орташа есеппен 60 мың теңге. Бірақ, баға подъезд саны мен шатырдың аумағына байланысты өзгереді.
ӘСЕТ ИСМАҒҰЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ «ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ » КММ БАСШЫСЫ:
- «Көп қабатты тұрғын үйлердің шатырынан аққан мұз сүңгілерді болдырмау және сонымен қатар, сол тұрғын үйлердің шатырындағы қарларды тазалау жұмыстарын аталмыш тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізуі қажет. Егерде мұндай жұмыстар жүргізілмейтін болса, тұрғындар ішкі істер органдарына жүгіне алады» .
Бұл Жуков 42 мекен жайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй. Қазіргі таңда бұл жерде шатырға жиналған қарды түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған 5 адам жұмылдырылған. Гүлбарам Боранбаева бұл үйде 7 жылдан бері тұрады. Айтуынша , биыл үйдің төбесіндегі қар алғаш рет тазартылып жатыр.
ГҮЛБАРАМ БОРАНБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- «Қар жететін, үйдің қасында көліктер қаптап тұр. Қарды тазалап жатыр бүгін , ал бұған дейін тазаланбаған еді. Ақшаны ай сайын кешіктірмей төлейміз».
Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша соңғы 4 күнде ауа райы жылы болады. Осы орайда қалалық әкімдік өкілдері пәтер иелерінің кооперативі төрағаларына үйлердің төбесіндегі ақ ұлпаны уақытында тазалау керектігін ескертуде. Егерде жауапты тұлғалар ескертуді елемейтін болса оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынбақ.