Экономика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ораз Баймұратов кіндік қаны тамған жер Қызылжар өңіріне келді. Ең алдымен академик білім алған бұрынғы қазақ мектеп-интернаты қабырғасында орналасқан Ескендір Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжіне ат басын бұрды.
Ораз Баймұратов 1935 жылы қазіргі М.Жұмабаев ауданында дүниеге келген.Жастайынан ғылымға ерекше көңіл болген ол мектепті тәмәмдаған сон 1953 жылы Мәскеу қаласындағы алтын және түсті металдар институтына оқуға түседі. Кейін елімізде 1957-1994 жылдар аралығында Экономикалық институтының ғылыми қызметкері, өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының орынбасары сынды қызметтерді атқарған.
ОРАЗ БАЙМҰРАТОВ, ҰҒА АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР:
- «Қазақ мектебі болатын да ол кезде.Бірақ та кейбір пәндер орысша болатын.Мен ауылдан келген баламын ғой орысша білмейміз сүйтіп жүріп білім алдым және орыс тілін үйрендім осы жерде жүріп.Мен үшін өте қымбат мектеп.8,9,10 сыныптарында жақсы оқыған сон мені алтын медальға дайындады.»
Еліміздің экономика саласына өлшеусіз үлес қосқан профессор Алматы қаласы,Балқаш,Арал,Каспий өңірлерін кешенді дамыту бағдарламасына да ат салысты.Қызылжар өңіріне табаң тіреген академиг алдымен білім нәрімен сусындаған бұрынғы қазақ мектеп-интернатының ғимаратына келді. Ораз Баймұратов білім мекемесін аралап балалық шағын есіне алды,сондай-ақ бірқатар естеліктерімен де бөлісті.
ОРАЗ БАЙМҰРАТОВ, ҰҒА АКАМДЕМИГІ, ПРОФЕССОР:
- «Мұғалім мына жерде отырады мен қарсы отырдым қасымда бала бар.Күлкішіл болдық екеуіміз бір бірімізді ұстап қалаып күлетінбіз.Неге күле бересіндер сендер дегенде қоя қоямыз.5 минуттан кейін қайта түрте бастаймыз бір бірімізді.»
Кездесу соңында ҚР еңбек сіңірген қайраткері,профессор Ораз Баймұратов «Өмірімнің сынақтары мен сабақтары» атты кітап жинағын Искендер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің кітапхана қорына сыйға табыстады.