Егіздердің дүниеге келуі – сирек кездесетін құбылыс. Бір-бірінен айнымайтын келбеті мен үндес қимылы көпшіліктің назарын бірден аударады. Бірақ, ең қызығы – кейбір егіздер тек сырт келбетімен ғана емес, өмірлік таңдауы мен кәсіби жолын да қатар таңдайды. Солтүстік Қазақстан облысында бір салада еңбек етіп жүрген осындай егіз бар. Олар бір мақсат, бір бағытта қызмет етуді жөн көрген. Бірі білім саласында болса, енді бірі құқық қорғау саласында.

Жанкүміс пен Айкүміс Ермекпай көпбалалы отбасыдан шыққан. Кейіпкерлеріміз өмірде бауыр болғанмен, мамандыққа келгенде әріптес. Олар бастауыш сыныпта сабақ беріп, жас ұрпақты біліммен сусындатып жүр.

ЖАНКҮМІС ЕРМЕКПАЙ, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Жұбы жазылмайтын егіздің айтуынша, жұмыс барысында әріптестері оларды кейде шатастырып жатады. Ал оқушылары үшін бұл тұрғыдан қиындық жоқ. Күн сайын бірге сабақ алып, мінезі мен сөйлеу мәнеріне үйренген шәкірттер ұстаздарды бірден ажыратып, әрқайсысын өз есімімен жаңылмай атайды.

АЙКҮМІС ЕРМЕКПАЙ, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Захар мен Назар Коваленколар да егіз. Олар полиция мамандығын мектепте жүргенде-ақ таңдап қойған. Құқық қорғау саласына деген қызығушылықпен егіз Ішкі істер министрлігіне қарасты Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түскен. Білім ордасында үздік оқыған курсант Захар Коваленкоға алғашқы шенін Президенттің өзі табыстапты

ЗАХАР КОВАЛЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КРИМИНАЛИСІ

Бір жылға жуық уақыттан бері Коваленколар Петропавл қалалық полиция басқармасының бөлімшелерінде криминалист болып қызмет етеді.

НАЗАР КОВАЛЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КРИМИНАЛИСІ

Еңбекке деген айнымас адалдығы болар, азаматтардың кәсіби беделі зор — ұжымда сыйлы. Жинаған білімі мен тәжірибесінің арқасында олар қоғамдық тәртіпті қадағалап, оқу-ағарту саласында нәтижеге қол жеткізіп келеді.