Ел Президенті 2026 жылды Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы деп жариялады. Бүгінде бұл технологиялар күнделікті өмірдің барлық саласына, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де белсенді түрде еніп келеді. Жасанды интеллект педагогтердің жұмысын қалай жеңілдетіп жатыр?
«Балдаурен» бөбекжай -балабақшасында цифрлық технологиялар оқу-тәрбие жұмысының бір бөлігіне айналған. Мұнда жасанды интеллект арқылы балаларға арналған оқу материалдары, ертегілер мен суреттер жасалады. Сондай-ақ бұл технология қағаз жұмыстарын азайтып, балалардың қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі.
аударма
МӘДИНА ДАРБАЕВА, «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бұрын балалар сурет салуды қарапайым қарындаштан бастаса, қазір 3D-қаламмен жұмыс істеп, 3D-принтер арқылы түрлі бұйымдар жасайды. Сондай-ақ олар спорттық робототехниканы меңгеріп білім беру жобаларын әзірлеуге қатысады. Бұл үшін балабақшада барлық қажетті жағдай жасалған.
ГҮЛШАРА ЖҮКЕНОВА, «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Жасанды интеллект дене тәрбиесі сабақтарында да қолданылады – мұғалімдер ертеңгілік гимнастикаға арналған авторлық жаттығу кешендерін жасайды. Сондай-ақ шахмат үйірмесі жұмыс істейді, оған 64 бала қатысады. Бір жыл бұрын мұнда жасанды интеллект енгізіліп, балалар өз дағдыларын дамытатын арнайы ойын планшеттері сатып алынды.