Облыс аумағына алты жылда 20 мың гектар алқапқа 122 млн түп ағаш егілуі тиіс. 2021-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында қазірдің өзінде 74,5 млн көшет отырғызылған. Биыл бұл жұмыс жалғасады, мемлекеттік орман қорына 24,5 млн түп ағаш егу міндеті тұр.

Орман шаруашылықтарында қазір 43 тәлімбақ бар. Осы мақсатқа 70 га аумақ бөлінген. Былтыр, мамандардың айтуынша, 3 400 га жуық аумаққа 24,5 млн көшет отырғызылып, меже 100% орындалды. Кешенді жоспарды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 410 млн теңге бөлінді. Ағаш отырғызатын жерді анықтау үшін мемлекеттік орман қоры аумағындағы 700 га астам аумақта геоботаникалық зерттеу жүргізілді. Күзде 6,9 тонна ағаш тұқымы жиналды. Қазіргі уақытта облыстың орман қоры 688 мың га жерді алып жатыр. Оның 135 мың га «Көкшетау» ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан. Ормандардың 85% — қайың, тек 4% ғана — қылқан жапырақты ағаштар.

ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ