Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Жақыпова осы қызметті 2023 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келген./Ал жаңа министр болып Мемлекет басшысының жарлығымен Асқарбек Ертаев тағайындалды. Ол 2024 жылдан бері осы министрлікте орынбасар қызметінде болған.