Солтүстік Қазақстан облысында 73461 оқушы білім алуда. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқыту форматын уақытша өзгерту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта интернаттық білім беру ұйымдарын қоспағанда облыстың барлық жалпы білім беретін мектептеріндегі 72433 оқушы қашықтан оқыту форматына көшірілді. Ал интернаттық мектептерде тұратын 1028 оқушы барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілгендіктен, қалыпты режимде оқуларын жалғастырады.

СНХ: ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА – СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ