Облыстық әкімдікте Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы шығарылып, еңбек адамдары құрметке бөленді. Өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға мемлекеттік наградалар табысталды. Жиында 10 адам "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды. Осылайша жұмысшы мамандардың қызметі ереркше бағаланды.

Мемлекет басшысы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялады. Оның аясында ауқымды жұмыс атқарылды, еңбек адамдарының еңбегі бағаланды. Кадр тапшылығы азайып, техникалық мамандықтарға түскен жастардың саны артты. Бүгін облыстық әкімдік қабырғасында жыл қорытындыланып, аймақтың дамуына сүбелі үлес қосқан жандар мемлекеттік наградаға ие болды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Алқалы жиында 10 адам "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды. Мемлекеттік марапатты оларға Президенттің атынан өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов табыстады.

Талай жыл бойы төккен тер ақталды. Құрметке бөленгендердің арасында "Есіл су" филиалының бас механигі Тұрсынбек Шайсұлтанов та бар. Ол кәсіпорында 10 жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді.

СНХ: ТҰРСЫНБЕК ШАЙСҰЛТАНОВ, "Есіл су" филиалының бас механигі:

Тұрсынбек Талғатұлы филиалда әлі де кадр тапшылығы бар екенін жасырмады. Кәсіпорынға келем деген жасқа бар білгенін үйрететінін жеткізді.