Полиция департаменті 2025 жылғы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Форум барысында азаматтардың полиция органдарына жүгінуін жеңілдететін жаңа телеграм-боттың таныстырылымы өтті.

2025 жылы есірткі айналымына қатысты шамамен 970 қылмыстық құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде 138 факт есірткі сату деректері. Заңсыз айналымнан шамамен 780 келі түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

СНХ: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы «ЗАКЛАДЧИКИ.РАСПЛАТА» деректі фильмі шыққан болатын. Фильмнің авторы Закиржан Мамлютов. Ол YouTube-та бір миллион алты жүз мың қаралым жинады. Бұл туындыда жастар арасында белең алған есірткі мен жеңіл ақша мәселесі ашық көрсетілген.

СНХ: ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, «ЗАКЛАДЧИКИ.РАСПЛАТА» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ АВТОРЫ

47 минутқа шақталған фильмнің жастарға берері мол. Оңай ақша үшін қаншама жылдарын түрмеде өткізгендер аз емес. Есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп, «Закладчики.Расплата» фильміне түскен кейіпкеріміз өзінің жасаған қателігін жастар жасамаса екен дейді.

СНХ: КАРИНА КИРЬЯКОВА

Айта кетейік қаңтар айында Зәкіржан Мамлютовтың нашақорлыққа қарсы тағы бір фильмі шығады. Атауы «Закладчики. Мать». Бұл фильмде түрмеге түскен ұлдарын, қыздарын күтіп отырған аналардың тағдыры көрсетіледі.