Қала инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі тұрғындардың өмір сүру сапасын және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған көшелерді асфальттау. Петропавл қаласындағы жол желісінің жалпы ұзындығы 366 шақырымды құрайды, оның 144 шақырымы топырақ жолдар. «Даму» бағдарламасы бес жыл ішінде топырақ көшелерді кезең-кезеңімен асфальт жамылғысына ауыстыруды көздейді.


Биыл Малая, Байболов, Фрунзе, Қизатов көшелері және Универсал көшесіндегі жол өткелі бойынша 5 негізгі өтпелі жоба жүзеге асырылып жатыр. Орташа жөндеуге келсек, 48 көше бойынша жобалар әзірленген, оның 47-сі қатты жабыны жоқ көшелер.


СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ


Қысқы жол күтімі үшін «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС-мен үш жылдық келісімшарт жасалған. Қала 9 учаскеге бөлінген, қар механикаландырылған әдіспен тазартылып, кейін шығарылады. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 980 мың шаршы метр қар шығарылды. Күн сайын шамамен 170 техника жұмыс істейді.


СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ


Айта кетейік, жолдағы көктайғақтың алдын алу үшін қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне және қауіпті учаскелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Оңтайлы қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында аялдама алаңдары мен оларға баратын жолдар химиялық реагенттермен өңделеді.