ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов сондай-ақ 2-ЖЭО-ның жұмысын тексерді. «Севказэнерго» АҚ-ның стратегиялық нысанын аралау кезінде тұрғындарды жылу энергиясымен сапалы және үздіксіз қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

2-ЖЭО 1961 жылы қолданысқа берілген. 11 қазандық агрегаты және 7 турбоагрегат жұмыс істейді. "Севказэнерго" АҚ бас директорының сөзінше, бірінші ақпаннан бастап жалақыны 15 пайызға ұлғайту жоспарланған. Бұдан бөлек кәсіпорынның алға қойған жоспары көп.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күні жиырма алты миллиард теңге көлемінде толық жөндеу-инвестициялық бағдарламасы жоспарланған. Бұл ретте, 2024 жылы инвестициялық жөндеу жұмыстары 18,5 млрд-ты құрағанын, яғни бүгінгі таңда болжамда 9 млрд-тан астам өсім бар екенін атап өткен жөн.

Бес жылдың ішінде шамамен 7000 шақырым электр желілерін жаңғыртылады, 64 шақырым жылу желілері, 65 шақырым сумен жабдықтау, 80 шақырым су бұру желілері жаңғыртылмақ.

ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мы дальнейшем просчитали тариф с учетом кредитных средств. У нас где-то рост тарифов будет ежегодно расти на 25%. Учитывая, что наш регион дотационный, средняя зарплата самая из низких и высокая потребительская корзина, трудно рассмотреть тоже вопросы о том, что выделение средств дешевых кредитов. Работа у нас в течение пяти лет планируется где-то 418 миллиардов.

Әрі қарай біз несие қаражатын ескере отырып, тарифті есептедік. Бізде тариф жыл сайын 25% - ға өсіп отырады. Біздің өңір дотация алып отырғандықтан, орташа еңбекақы ең төмен. Арзан несие қаражатын бөлу туралы мәселелерді де қарастыру қиын. Біз бес жыл бойы 418 миллиард теңгені жаңғыртуға жұмсауды жоспарладық.

Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавл 2-ЖЭО-ның жұмысымен танысып, тұрғындарды жылу энергиясымен сапалы және үздіксіз қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Бұл бағыттағы жұмыс қадағалауда болатынын жеткізді. Айта кетейік, 30 қыркүйекте 180 метрді құрайтын үшінші түтін мұржасы қолданысқа берілмек. Сондай-ақ жалпы сомасы 28 млрд теңгеден асатын 2-ші қазандық агрегатын қайта жаңарту көзделген.