Есіл ауданында 2 заманауи сүт фермасы іске қосылды, оның бірі – 1,4 мың басқа шақталған "Атамекен-Агро-Корнеевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және 800 басқа арналған екіншісі - "Азия Тораңғұл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ашылды. Жаңа сүт-тауарлы фермалардың жұмысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барып көрді.

«Атамакен-Агро-Корнеевка» заманауи сүт-тауар фермасына Еуропадан 98 ірі кара мал әкелінді, нәтижесінде қазір гольштейн-фриз сиырларының жалпы саны 1200-ден асады. Кәсіпорын толық цифрландырылған. Жылына 9 мың тонна сүт алынатын болады.

Биыл облыс бойынша 19 сүт-тауарлы ферманың құрылысы жүргізілді, оның 11-і пайдалануға берілді. Жалпы облыс бойынша қазір 110 ферма бар. Оның 42-сі – заманауи фермалар.