"Ауыл" партиясының бастамасымен Петропавлда Астана қаласы, Ақмола және Қостанай облысы делегацияларының қатысуымен республикалық семинар өтті. Іс-шараға 120-ға жуық адам қатысты.
Семинардың мақсаты - қатысушыларға жаңа бағдарламаларды түсіндіру, олардың қаржылық, құқықтық сауаттылығын арттырып, партия ісін талқылау. Мемлекет басшысы келер жылды Жұмысшы мамандығы жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай «Ауыл» партиясы келесі жылға жаңа жобаларды жоспарлаған, бағдарламамен өңірлерден келген делегаттар танысты.
НИКОЛАЙ АРСЮТИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Бағдарлама әзірленді. Ол халықтың, әріптестеріміздің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Қазір осымен 4-ші өңірге келіп отырмыз. Петропавлда Ақмола облысының және Астана қаласының филиалдары жиналды.