Өңірде тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру бойынша акция жыл бойы өтеді. Биыл тұрғындар полицияға заңсыз сақталған 22 атыс қаруын, оның ішінде 1 мылтықты өздігінен тапсырды. Ал тексеру барысында 84 тіркелмеген қару заңсыз айналымнан алынған. Кінәлілер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Полиция қызметкерлері Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық жоғары колледжінде студенттермен кездесуі өткізді. Тәртіп сақшылары құтқарушылар мамандығында білім алып жатқан үшінші курс студенттеріне азаматтық қару айналымы саласындағы заңнамалық нормалар туралы айтып берді. Мақсат- жастардың құқықтық санасын арттыру. Облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Құрман Мусин қаруды заңсыз сақтау үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік барлығын еске салды. Ал қаруды ерікті түрде тапсыру арқылы жауапкершіліктен құтылуға болады.