Қызылжар ауданында 1546 үй тасқыннан ЗАҚЫМДАНДЫ. Қазір мұнда баспаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тепличное ауылында тасқынның зардабын жоюға үш механикалық бригада жұмылдырылған.
Тепличное ауылында механикалық бригадалардың біреуі 1 шілдеден бастап үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Олар елді мекенде 3 баспананы жөндеп жатыр. Жұмысшылар Прибрежное ауыландағы тағы екі үйді де қалыпқа келтіруде. Бұл іске 10 адам жұмылдырылған.
ҒҰМАР БАТАНОВ, БРИГАДИР:
- Барлық жұмыстың 60 пайызы аяқталып қалды. Берілген мерзімге сәйкес келе жатырмыз. Баспана иелері жұмыстың тез бітіп, үйге кіруді күтіп жүр. Сондықтан жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамыз.
Қазір жұмысшылар Даир Ахметовтің үйін жөндеп жатыр. Баспана иесі үйді өзі көтеріп, отбасымен 15 жыл тұрған. 54 шаршы метрді құрайтын үй екі аптаға жуық кепкен. Жаңа еден төселді. Қазір қабырғалары қайта қалпына келтіріп жатыр. Үй иесі істелінген жұмысқа дән риза.
ДАИР АХМЕТОВ –ТЕПЛИЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Көктем биыл маған ауыр болды. үйді су басып кетті. Үйдегі нәрселердің бәрі су болды. барлық нәрсені лақтырып тастадық. ештемеде қалған жоқ. Қартайдым 78 келдім, общежитие берді бізге, әйелім екумізге. Бригада көңілімне шықты. Барлығын істеп жатыр, жап-жаңа үй болатын болды. Сондықтан бәріне рахмет, особенно акиматтағы жігіттерге.
Тепличное елді мекенінде жалпы 410 үй су астында қалған. Оның алтауында механикалық бригадалар жұмыс істеп жатыр. Қалғанын тұрғындар өздері қалпына келтіреді.
Жанбота Естайқызы