Бүгін ҚР Премьер-миристрінің қатысуымен үкімет отырысы өтті. Жиында елдегі шомылу маусымына қатысты жағдай талқыланды. Ел бойынша 45 адам суға батып кеткен. Үкімет басшысы барлық облыс әкімдеріне су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдеуді күшейтуді тапсырды.


Үкімет отырысынан кейін өңір басшысы Ғ.Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы және аудан әкімдерімен жиын өткізді. Облыста 60 өзен мен 2000нан астам көл бар. Дегенмен, тек шомылуға арналған 60 қана орын белгіленген. Былтыр суға шомылу маусымында өңірде 5 қайғылы оқиға тіркелген еді. Сол себепті, өңір басшысы жауапты органдарға бақылау шараларын күшейтуді тапсырды.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Петропавл қаласында арнайы шомылу,а рұқсат берілген тек 2 жер бар. Сол себепті , бақылауды күшейту керек. Себебі, қазір демалыс маусымы басталды. Тұрғындар өзен-көлге жиі баратын болады. Облысымыздың бірқатар аудандарында арнайы шомылу орындары белгіленбеген. Бұл қайғылы жәйтқа алып келеді. Сол себепті, ПД мен ТЖД мамандары сақтық шараларын күшейтуді және рұқсат берілмеген жерлерге жиі рейд жүргізуді тапсырамын.


Естеріңізге сала кетейік, облыста шомылу маусымы басталғалы 3 бала суға батып кетті. Олардың барлығы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер. Балалрдың біреуінің денесі әлі табылған жоқ.