Өңір диқандары егіс алқабының 2,3 млн. гектарына дақыл екті. Оның ішінде 1,6 млн. гектарына бидай егілсе, 468 мың гектары майлы дақылдардың еншісінде. Бұған қоса, сортты жаңарту көрсеткішін 10% - ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.


Өңірдің биыл егістік көлемі 4,5 млн. га шамасында. Оның 3,4 млн. гектарына дәнді, 751 мың гектарына майлы дақылдар егілмек. Одан бөлек осы жылы егіс алқабына 484,5 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар себілді. Бір мың га жуық алқапқа 70 мың тонна шамасында минералды тыңайтқыш енгізілді. Жалпы барлығы 3 млн. гектарға 257 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ дала жұмыстарына шамамен 13 мың трактор, 14 мың дән сепкіш , 1,5 мың заманауи өнімділігі жоғары егіс кешені тартылады. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау аясында биыл шамамен 61 млрд. теңге бөлінген. оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 20,4 млрд.теңге қарастырылған.