Петропавлда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 1141 адам зәбір көріп, полициядан араша сұраған. Отбасының берекесін қашырған 294 адам сот шешімімен қамауға алынып, тәртіптік жазаға тартылды. 576 адам жәбірленушіден кешірім алып, ескертумен құтылған. 4 іс бойынша айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин өңірлік коммуникациялар алаңында айтты.


Осы жылы Петропавл қаласының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 12 қылмыс жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға төмен. Сонымен қатар, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 89 тұрғын жауапқа тартылды. Оның 8-і әкімшілік қамауға алынды. Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін 4970 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


 ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

  «.ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі бойынша 444 құқық бұзушы жауапқа тартылды, оның ішінде 77 адам әкімшілік айыппұл салу түрінде жазаланса , 367 адам әкімшілік қамауға алынды. Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін Жамбыл ауданы Благовещенка ауылының мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне 67 адам жіберілді, ерікті негізде психикалық денсаулық орталығына 34 маскүнем орналастырылды.»