Петропавлда еңбек күні салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік іс-шара аясында «Еңбек жолы-2023» өңірлік конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Әріптесім әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


 Бұл іс-шара ҚР Мемлекет басшысының 2013 жылдың 22 қарашасындағы жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне орай ұйымдастырылып отыр. Биылғы жылы «Еңбек жолы» атты өңірлік конкурсы жарияланған болатын. Оған 3 номинация бойынша облыстың 39 кәсіпорны мен ұйымы қатысты. Олар «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері» және «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша үздікті анықтады.


ГҮЛНӘР МЫРЗАҚАНОВА, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

-   Жиналысқа Киров заводы мен осы ауыр машина жинақтау заводының жұмысшыларын шақырдық. Өйткені осы заводтың жұмысшыларының арасынан үздік тәлімгер 2 орын алды.Үздік жас маман 1 орын алды.Ал енді Киров заводының үздік еңбек әулеті 1орын алды.Сондықтан,сол заводтын 1орын алған әулеті марапатталды. Марапаттау рәсіміне завод жұмысшылары мен еңбек ардагерлері шақырылды.


«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациасын Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Елена Тимощук иеленді. Ол мәдениет саласына өзінің 36 жылын арнаған екен.


ЕЛЕНА ТИМОЩУК, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

-  2023 жыл мен үшін жемісті болып жатыр. Алдымен еліміздің көрнекті кітапханашыларының кітабына, кейін Қазақстанның 100 табысты ауыл әйелдерінің кітабына кірдім. Енді міне «Еңбек жолы» конкурсында бағым жанды. Қуанышымда шек жоқ.


Айта кетейік, қыркүйек айының 22-сі Астана қаласында «Еңбек жолы» республикалық конкурсының марапаттау рәсімі өтеді. Оған облыстық кезеңннің жеңімпаздары қатысады.