Облыс орталығында ұлттық валютаның 30 жылдығына орай шахматтан турнир өтті. Солтүстік Қазақстан облысы банкирлер клубының ұйымдастырумен өткен сайысқа 8 бен 14 жас аралығындағы 100-ден астам оқушы қатысты.


 Шахмат турнирін өткізудегі мақсат – жас өрендердің білім көкжиегін кеңейту. Облыстық жарысқа түрлі шахмат мектептерінің тәрбиеленушілері, Петропавлдағы және Айыртау, Ғ.Мүсірепов аудандарындағы мектептердің оқушылары қатысты.


Мен шахматты 10 жасымнан бастап ойнаймын. Қазіргі таңда менде 3 разряд бар. Осыған дейін мен республикалық турнирге қатыстым. Сол сайыста көп достар таптым. Шахмат – маған күнделікті өмірде де көмектеседі. Негізі осы ойынның арқасында математика пәнінен 5-тік бағаға шықтым. Әр күні 10 балл аламын.


Мен 8 жасымнан бастап шахмат ойнаймын. Бүгінгі күнде менде менде 3 разряд бар. Маған шахмат ойыны ұнайды. Шахмат миды дамытып, ақылды арттырады.


Маған шахмат ойнаған ұнайды. Себебі бұл ойынды ойнау үшін – ақыл керек. Шахматты Президент те ойнайды. Осыған дейін түрлі сайыстарда жүлделі орындарды алдым.


ТурнирДІ ұйымдастырушыларДың айтуынша, шахмат – балаларды әлеуметтік желіге тәуелділіктен арылтудың тиімді тәсілі. Сондықтан қаржыгерлер сайысқа қатысушылардың ынтасын арттыруды мақсат етіп, бағалы сыйлықтар дайындаған.


ДИАС МЭЛС, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚФ ДИРЕКТОРЫ:

- Осы жыл сайын 6-7 жыл шамасында өткізіліп отырған турнир қалалық деңгейден, облыстық деңгейге ауқымы ұлғайды. Осы іс-шараны әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймыз. Біздің Солтүстік Қазақстан облысы банкирлер клубы шахматтан басқа да спорт түрлерін қолдайды. Алдағы уақытта футболдан да көптеген сайыстар ұйымдастырамыз.


Сайыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар жекелей және топтық жеңімпаздарды марапаттайды. Банкирлер клубы бағалы сыйлықтар мен қаржылай сертификаттар бермек.


Жайна Шерниязова