Өңірдегі эпидахуал жайлы. Биылғы қазан айынан бастап ЖРВИ мен ауырудың 14 888 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% - ға көп. Айта кету қажет, сырқаттанғандардың басым көпшілігі , яғни 67 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай ақ В типті тұмаудың зертханалық расталған 179 жағдай тіркелді.


Мамандардың айтуынша 1 желтоқсаннан 30 сәуірге дейін эпидахуал ушығатын уақыт. Бұған климаттық фактор әсер етеді. Науқастардың қатарын азайту үшін жыл сайын аймақта иммундау науқаны өтеді. Бүгінгі таңда 75 мың солтүстікқазақстандық тұмауға қарсы вакцина қабылдады. Оның ішінде халықтың осал топтары: атап айтқанда балалар, қарттар үйлерінің тұрғындары және жүкті әйелдер бар. Вакцинациямен қамту ұжымдық иммунитетті қалыптастырады және эпидемияның пайда болуына жол бермейді дейді мамандар.


 АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА , ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

-  «Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа спецификалық емес прафилактиканы назардан тыс қалдырмау керек. Ол бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және мүмкіндігінше адамдар көп шоғырланған жерлерге бармау.»