19 қыркүйекте Петропавлда "Сенім" жобасының жаңа маусымы басталады. Әйелдерге арналған жобаның мақсаты – қыз-келіншектерді сырт келбеті жағынан ғана емес, ішкі жан дүние тұрғысынан да өзіне сенімді болуға көмектесу. Бағдарлама 2 айға созылады, ал өтінімдерді қабылдау 20 тамыздан басталады. Сондай-ақ, жобаның 15-тен астам серіктесі бар.


МӨЛДІР ПИЛАЛОВА, «СЕНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

- Біздің жоба Сенім деп аталады. Біздің жобада қыз-келіншектердің ішкі жан дүниесі, сыртқы келбеттерінің өзгеруіне көмектесуге арналған. Бұл жобада мықты мамандар бар. Осы біздің қыз-келіншектерге әдемі болу, ішкі-дүниесін өзгертуге көмектесу үшін.