Адам өміріне араша түсіп, төтенше жағдайда эмоцияға ерік бермей адал қызмет ету ол абыройлы іс. Кез-келген жағдайда өзге жанға көмек қолын созып жүргендердің бірі – Досым Жұманов. Бұл салада ол 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінгі күннің батырымен арнамыздың тілшілері тілдесіп қайтты.
Досым Жұманов құтқарушы болып 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Мамандығы заңгер-құқықтанушы. Петропавл гуманитарлық колледжін тәмәмдаған. Білім ордасын аяқтағаннан кейін құтқарушы болып жұмысқа орналасқан. Қазір оның еңбек өтілі 24 жыл.
ДОСЫМ ЖҰМАНОВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
- Су тасқыны кезінде эвакуация жүргіздік, жануарларды құтқардық. Көбінесе үй жануарлары қорқып үйдің ішінде тығылып қалып қойған. Сол себепті баспананы толық су баспай тұрып оларды құтқаруға тырыстық. Тіпті үйлердің терезелірін сындырып кірген кездеріміз де болды.
Қазіргі таңда Досым Жұманов "Пестрое" көлінің құтқару станциясында кезекшілік атқаруда. Оның міндеті көлді, жағажайды патрульдеу және қайғылы оқиғалардың алдын алу.
ДОСЫМ ЖҰМАНОВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
- Негізінен көбінесе ішімдік ішкен адамдар мен кішкентай балаларды құтқарамыз. Кейде тіпті ересек жандарда көлдің ортасына дейін жүзіп ал кейін қайтуға күштері жетпей жатады. Бұл кезде біз жалпы жағдайды жіті назарда ұстауымыз керек. Кейде адамдар судың ішінде жүріп жарақат алып жатады, ондай кезде де біз бірінші медициналық көмек көрнсетеміз.
Құтқарушы – екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандықтардың бірі. Ол үшін адам бойында қайсарлық, өжеттілік секілді қасиеттер болу керек.