Өткен жыл облыстың спорт саласы үшін табысты болды. Өңірдің спорт мектептерінде жаңа бөлімшелер мен оқу топтары сондай-ақ, 20-ға жуық секция ашылды. Бұның бәрі спортпен шұғылданатын балаларға жақсы мүмкіндік.


Биыл Петропавлда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 35 мыңға жуық адам тұратын «Береке» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ. Ақжар ауданында жабық хоккей корты салынады. Қарасай стадионы халықаралық талаптарға сай болу үшін жаңғыртылады. Осы жылы бірқатар спорт нысандары да жөнделіп, жөнге келтірілмек. Өңір спортшылары да жеңіс тұғырынан көрінуде. Былтыр «Қуаныш» әйелдер клубы Азия клубтық чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, ал «Есіл» ерлер волейбол клубы волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында екінші орынды иеленді. «Барс» баскетбол клубы жоғары лига командалары арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының қола жүлдегері атанса, «Қызылжар» футбол клубы тұңғыш рет еурокубокта өнер көрсетті.


АСЫЛБЕК ӘЛДІМЕНОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Облыста балалар мен бұқаралық спортты дұрыс дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға көп көңіл бөлінуде.Бұл қазақстандықтардың дені сау ұлтын және жоғары жетістіктермен спортты қалыптастырудың негізі. 215 мыңнан астам адам немесе халықтың 40,2% - ы спортпен жүйелі түрде айналысады. Өңірде 2 951 спорт нысаны, 27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық резервті даярлау орталығы, Мектеп-интернат - колледж, 25 аула клубы, 9 спорт клубы, 11 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы жұмыс істейді.

.