СҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Петропавлда іс-шараға мемлекеттік мекемелердің ұжымдары, кәсіпкерлер, көппәтерлі және жеке үйлердің тұрғындары қатысты.
Экологиялық іс-шара барысында Петропавлдың тасқыннан зардап шеккен аудандарына ерекше назар аударылды. Себебі ол жерлерде қазіргі таңда тұруға жарамсыз баспаналар сүріліп жатыр. Бұл аудандардан қоқыс шығаруға қалалық және аудандық мехбригадалардан экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 100-ден астам үй бұзылды. Жалпы кала бойынша сенбілікке барлығы 50-ден астам арнайы техника тартылды.