Жаз басталғалы дәстүрге сай экологиялық акциялар да көптеп ұйымдастырылып жатыр. Бастысы өңір жастары белсенді. Бүгінде «Таза жағалау», «Таза бейсенбі» акциялары «Туған өлке» экологиялық іс-шарасымен жалғасын тапты. Жеңіс саябағында өткен игі іске 80-ге жуық ерікті жұмылдырылды.


Әділ Асқарұлы – М. Жұмабаев ауданының тумасы. Жергілікті ЖОО-да заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Университетке түскелі белсенділер қатарынан көрініп, түрлі іс-шараларға қатысып келеді. 2 ай бұрын «Помощь рядом» еріктілер қозғалысына мүше болып тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созған. Енді кезекті экологиялық акцияға қатысып жатыр.


ӘДІЛ ТЕМІРОВ, СТУДЕНТ:

- Менің ойымша бұл әрбір азаматтың өзіндік парызы. Қазіргі кезде экологиялық залал үлкен проблема болып саналады. Менің ойымша далаға шығып қоқыстарды тазалау немесе басқа да экологияға жақсы әсер ететін жұмыстар жасау ол дұрыс.


Экологиялық акция марафон форматында ұйымдастырылған. Университет және колледж студенттері, волонтерлерден құралған 5 топ белгі беріле салысымен саябақ ішіндегі қоқысты жинауға кірісті.


ЛИДИЯ ГРАБАРЬ, «МОЛОДЕЖЬ ЗА ЗОЖ» ЖАСТАР ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін бәріміз Жеңіс саябағында жиналдық. Есіл өзеніне дейін тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Акция марафон форматында жүріп жатыр. Мақсат жастарды табиғатты аялауға баулу. Тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты қалыптастыру. Іс-шара соңында әр топтың жинаған қоқысы өлшенеді, жоғары көрсеткішке сыйлықтар бар.


Мұндай іс-шара қыркүйек айына дейін жалғаспақ.