Елімізде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталды. Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Amanat» партиясы бұл акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Кезекті экологиялық іс-шара аумақтарды күл-қоқыстан тазалаудан басталды. Облыс ардагерлері, депутаттар, партия жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, тұрғындар мен еріктілер, спортшылар қатысты.


«Таза бейсенбі» акциясы Петропавлда Жуков көшесінен басталды. Мұндағы аялдаманың арты қоқыс алаңына айналған. Бірнеше үйдің тұрғындары тұрмыстық қалдықтарын әкеліп төге беретін көрінеді. Осыған дейін қоқыстың көптігінен бұл жерде өрт жағдайы да тіркелген болатын. Енді экологиялық акция аясында аялдама маңы толығымен тазартылады.


ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Еліміздің Президенті айтып өтті ғой. Бұл тек қана тазалау емес, бұл көңілді тазалау. бұл халықтың басын біріктіру. + соған біз барлығымыз бір кісідей қатыспақ ойымыз бар. осы жаз бойы біз қаламызды көркейтіп, тазалап әдемі, таза қалалардың біріне айналдырамыз деген ойымыз бар.


АМАНҒАЛИ БЕКБОЛАТОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

- Акцияның басты мақсаты: елді мекендерді қоқыстан тазарту. + Бірінші қоқыстанған елді мекендер картаға сызылады. + Егер біз қаламыз, еліміз-жеріміз, таза әрі әдемі болсын десек, тазалықты алдымен өзімізден бастауымыз керек.


Облыстағы ластанған аумақтарды ретке келтіруге 800-ге жуық адам тартылды. Тазарту жұмыстарына «Новинтех» және «Коммунхоз» ЖШС ұсынған 5 бірлік техника, 100 астам ерікті мен белсенді жұмылдырылды.


БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі таңда бұл акция барлық ел бойынша облыстарда, қалаларда жүргізіліп жатыр. Осы тұрғыда бұл акция қазіргі таңда Петропавл қаласы 20 ықшам ауданындағы ең қатты ластанған жерді таңдап алып, осы жерде жұмыс жүргізіп жатырмыз.


Жалпы өңірде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында 105 тонна қоқыс жиналды. Енді аталған акция жаз бойы жалғасын таппақ.