Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттарға дауыс беру №110 сайлау учаскесінде де өтті. Аққайың ауданы Лесное ауылдық округінде орналасқан учаскеде алғашқы үш сағатта тұрғындардың 30 пайызы өз таңдауын жасап кетті. Тілшіміздің бейнематериалы.


 Аққайың ауданы Лесное ауылдық округінде 789 сайлаушы тіркелген. Алғашқы 3 сағатта тұрғындардың 30 пайызы дауыс беріп, өз таңдауларын жасап үлгерді. Басым бөлігі зейнеткерлер дейді сайлау учаскесінің төрағасы.


БЕЙБІТ ӘБІЛОВ, №110 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  4 адам денсаулығына байланысты мұнда келе алмайтын болды. Сағат 12-де үйлерінде дауыс беерді. 4 бала 18-ге толды. Олар алғаш рет дауыс берді.


 Лесное ауылдық округіне 2 елді мекен кіреді. Ленин және Дайындық ауылдары. 1200-ге жуық адам тұрады.


 Айта кетейік, бұл сайлаудың ерекшелігі – аралас сайлау жүйесі. Олар Мемлекет басшысы жүзеге асырып жатқан жаңа реформалардың бір бөлігіне айналды.