Осыдан 5 жыл бұрын Жас Өркен ықшам ауданында құрылысы басталған қазақ театрыНЫҢ жаңа ҒИМАРАТЫ пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қатысты. Қара шаңырақ әртістері меймандар мен көрермендер назарына Сәбит Мұқановтың «Шоқан» тарихи драмасын ұсынды.


500 орынға шақталған қазақ театрының құрылысы 2018-ші жылдың қазан айында басталды. Пандемия салдарынан құрылыс материалдары қымбаттап, құрылысшыларға өз міндетін уақытылы орындауға мүмкіндік бермеді. Кейін мердігер компания ауысып, жұмыс қайта жаңданды. Осылайша Қызылжардың төрінде араға 5 жыл салып сәулетіне көз сүйсінерлік зәулім ғимарат бой көтерді. Қара шаңырақтың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев солтүстікқазақстандықтарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқавтың сәлемін жолдады.


ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

-  Бұл тарихи сәт еліміздегі театр өнерінің жылнамасына енеді. Егемендік алған жылдары ұлттық мәдениетіміздің қарыштап өрлеуінің жаңа дәуірі саналады. Елімізде жас таланттардың шығармашылық әлеуетін арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Сіздерге осы бағытта мол шығармашылық табыс, жарқын ізденістер, сәтті жобалар тілеймін.Қ-Ж Тоқаев, Ақорда,Астана.


Ширек ғасырға жуық тарихы бар С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ұжымы киелі сахнада 100-ден астам драмалық шығарма қойып, көрерменнің көзайымына айналды. Қара шаңырақ әртістері түрлі республикалық және халықаралық фестивальдердің жүлдегерлері. СҚның мақтанышына айналған өнер ұжымы жаңа ғимаратта шеберліктерің шыңдап, бұған дейін жүзеге асыра алмаған жоспарларын жүзеге асырмақ.


ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл жай ғана театр емес бұл мәдениеттің рухани тарихи ошақ деп толығымен айтуға болады. Қоғамды дамыту үшін тек экономика ғана емес мәдениет те дамуы керек. Біз Дәурен аскарбековичпен кездескенде мәденит министрлігінің қоладуымен осы сахнада ахалықаралық деңгейде өтетін театр фестивалі өтсін дейміз, классикалық конкурстар өткізілсе деп армандаймыз. Біз тиісті қаражатты бөліп, келесі жылыдң бюджетінде бөлеміз.


Қазақ театрының 3 қабатты ғимараты заман талабына сай салынған. Көеремен залындағы акустика, жарық, оркестр шұңқыры және жайлы зал актерлердің ойынын жоғары деңгейде тамашалауға, рухани азық жинауға сеп болмақ. Театр басшысы Біржан Жалғасбаевтың сөзінше жаңа театрдың ұжымы да кеңеймек. Егерде бұрын 25-30 әртіс болса, жақын уақытта олардың қатарын тағы 20 сахнагер толықтырады.


БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Бұл ғимараттың ерекшелігі бұл ғимаратқа сай құрам болу керек. Актерлік, технкиалық, оркестр би құрамы барлығына да облыс әкімінің тапсырмасы бар соған қосымша орындар берілетін болады. Өйткені бұл сахнаның көлемі үлкен. Массалы қойылмдар қомыз. Біз бүгін Т.Жүргенов атындағы академияның реткорымен сөйлестік, сол жақта оықп жатқан студенттерді алыпк елеміз.


Салтанатты іс-шара Сәбит Мұқановтың «Шоқан» пьессасының желісімен режиссер Фархад Молдағали қойған қойлыммен жалғасын тапты.



Майгүл Сейілбек