Жыл басынан бері құқық бұзушылықтарды жою мақсатында алимент өндіру мәселесі бойынша құқық қорғау органдарына 13 ұсыныс жіберіліп, нәтижесінде 10 сот орындаушысы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау органының үйлестіруімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 3 борышкер СОТТАЛДЫ, тағы 2-нің ісі – СОТТА қаралып жатыр.
Кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 4,9 миллион теңге қарызы бар борышкер алименттік міндеттемені 6 айдан астам орындамағаны үшін, 1 жылға бас бостандығы шектелді. Ал Айыртау аудандық сотының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексының 669-бабына сәйкес алимент төлемеген адам 5 күн мерзімге қамауға алынды. Алимент төлемдерін өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 23 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде алименттік қарыз 13 миллион сомаға өтелді. Қазіргі уақытта алимент бойынша жалпы қарыз 240 миллион теңге.