Жыл басынан бері прокурорлар 49 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Кадастрлық құны 932 миллион теңге шамасында.
Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары ұзақ уақыт бойы 42 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін негізсіз пайдаланған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұл жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Осы тұста, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жерлерді мақсатты пайдаланатындарға беруді басты назарда ұстау қажет.