Петропавлдағы Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім берудегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты облыстық семинар өтті. Облыстың барлық өңірінен жиналған психологтарға семинар барысында мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған арнайы тренингтер өткізілді.


Облыстық семинарға барлығы 90–ға жуық педагог-психолог, әлеуметтік педагог, жатақхана тәрбиешілері мен колледж кураторлары қатысты. Семинар барысында аутодеструктивтік мінез-құлқы бар оқушылармен жұмыс істеу алгоритмінен бастап, білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтың құжаттамасын дайындау әдістері сынды арнайы сабақтар өтті.


НАТАЛЬЯ КАЧАЛКИНА,«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгін психологиялық қолдау орталығының мамандары өз тәжірибелерімен, жұмыс барысында қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Психологтар жұмыс барысында сүйенетін нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.


Қатысушылар студенттер және ата-аналармен тиімді жұмыс істеудің тәсілдерін үйренді. Жастар арасында жиі орын алатын буллинг, зорлық-зомбылық орын алған жағдайда психологтың іс-әрекеті қандай болуы қажет деген сұраққа да жауап берілді.


ГҮЛНАР КАКОНОВА, САУМАЛКӨЛ АУЫЛЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МАМАНЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ:

- Бүгін бізде үлкен жақсы іс-шара болып жатыр. Бұл шараларда әртүрлі жаттығулар, тың тәсілдерді бізге үйретті. Көптеген өзімізге қажетті материалдарды алдық осы іс-шаралардың ішінен. Әсіресе қатерлі студенттерге жататын суденттермен қалай жұмыс істеу керек екенін тәрбиесімен айналысуды, және қандай іс құжаттар дайындау қажеттігін үйретті.


3 сағатқа созылған семинарда қатысушылар өте белсенді болды. Қойылған сұрақтарға тез арада жауап беріп, эксперименттік психологиялық зерттеулердің әдістемелерімен, перспективаларымен және нәтижелерімен алмасу мүмкіндігіне ие болды.