Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, Назарбаев зияткерлік мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәулет Серікқызы Мұқанова студиямызда қонақта болды. Сұхбат барысында біз ұлы ақынның шығармашылығы мен философиясының жастар тәрбиесіне тигізер әсері туралы сөз қозғап, Абай мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызын талқыладық. Сәулет Мұқанова өз ойын бөлісіп, мектептегі тәрбие жұмыстарында Абайдың рухани мұрасын қалай дәріптеп жүргендерін айтып берді.