«Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ бас редакторы
1978 жылы 30 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жаңалық ауылында дүниеге келген.
Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің түлегі.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Тарих-география», «Журналистика» мамандықтары бойынша бітірген.
1997-2003 жылға дейін өңір мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті.
2003 жылы «Қазақстан» РТРК» ЖАҚ СҚОФ, редактор-корреспонденті, «Қазақстан» РТРК» ЖАҚ штаттан тыс тілшісі болып еңбек етті.
2008-2011 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚО бойынша меншікті тілшісі болды.
2011-2012 жылдар аралығында «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің Астана қаласында корреспонденті.
2012-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ директорының орынбасары болды.
2018 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ бас редакторы және «Қазақпарат» - «Казинформ» ХАА тілшісі.