Разия Нижатқызы Ыдырысбаева 1976 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университін, Орталық Азия университетін тәмамдаған. Халықаралық коучинг Академиясын кәсіби коуч оқуын бітірді. 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та Нью Йорк киноакадемиясында тағылымдамадан өтті.

Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясында жалпы бөлімінің қызметкері болып бастады, одан кейін Қазақ телевизиясының әкімші, тележүргізуші репортер қызметін атқарды. «Әнші балапан» бағдарламасында режиссер ассистенті болып еңбек етті.

1999 жылы азаматтық авиацияға ауысты. «Эйр Қазақстан», «Эйр Астана» әуекомпанияларында бортсерік, инструктор, аға инструктор, персоналды оқыту жөніндегі офицер қызметтерін атқарды.

2007 жылдың ақпан айынан бастап 2011 жылға дейін – Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясында редактор, шеф-редакторы болды. 2011 жылдың мамырынан бастап 2014 жылдың мамырына дейін – «Еуразия» Бірінші арнасының атқарушы продюсері, шеф-редакторы қызметтерін атқарды.

2014 жылдың мамырынан 2024 жылдың тамызына дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында стратегиялық маркетинг департаментінің директоры, филиалдармен жұмыс жөніндегі департаментінің продюсері, «Алтын қор» телерадиоқорының директоры қызметтерін атқарды.

2024 жылдың 28 тамызынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.

Разия Нижатқызы Ыдырысбаева еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болып, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды (2017). Тұрмыста, екі баланың анасы.