Петропавлда дәстүрлі көктемгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған облыс аудандарының 100-жуық кәсіпорны түрлі сүт, ет балық және көкеніс секілді тағы да басқа өнімдерін әкелді. Олардың бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан. Айта кетейік, жәрмеңкеде барлығы 500 тоннадан астам өнім сатылды.
Жәрмеңкеге түрлі аудандардан арнайы тексерістен өткен, таза, табиғи 553 тонна өнім әкелінген. Тауарлардың ішінде етке сұраныс жоғары болды. Саудагерлердің саудасы қызып, өз өнімдерін тиімді бағада өткізе алды.
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен қалағаныңның барлығын табуға болады. Ең бастысы, бағасы қолжетімді. Мәселен, мына балды 2100 және 3 000 теңге аралығында сатып алуға болады.
Ал, картоптың бағасы – 200 теңге болса, пияз– 110, сәбіз бен қырыққабаттың келісі – 150 теңге болды. Макарон өнімдері 280 , 1 санаттағы 10 жұмыртқа – 480 теңгеден сатылды. Ұлы Даланың берекелі жәрмеңкесі әдеттегідей М. Жұмабаев көшесінде өтті.
Облыс орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жәрмеңкеге Айыртау ауданының кәсіпкерлері үнемі қатысады. Олар қала тұрғындары мен қорнақтарына 7 тонна өнім әкеліп, 20 түрлі тауар ұсынды.
СНХ: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Ұлы Даланың берекелі жәрмеңкесінде» қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл – күйін көтеру мақсатында концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.